ҰҚК Шекара академиясының курсанты биіктен құлап қаза тапты

22.09.2024 13:58

Болжам бойынша, марқұм 19 жас шамасында

elements.envato.com

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің жоғарғы қабаттағы пәтер терезесінен ҰҚК Шекара академиясының курсанты құлап мерт болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында болды. Болжам бойынша, марқұм 19 жас шамасында.

«Аталған факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталу үстінде», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2024 жылдың 21 қыркүйегінде Алматыда Бостандық ауданында оқушы қыз қаза тапты. Ол тұрғын үй кешендерінің бірінің 13-қабатындағы балконнан құлаған.

Оқи отырыңыз: Петропавлда әскери қызметкер өзіне қол жұмсап көз жұмды