Қуыршақ думан: Мемлекеттік қуыршақ театры жаңа маусымын бастады

Өткен маусым театр үшін ерекше табысты жыл болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттік қуыршақ театры 89-маусымын бастады. Жаңа маусымның ашылуына театр ұжымы 40 жылдық сахналық тарихы бар «Қуыршақ думан» қойылымын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Заманауи форматтағы «Жұлдызды қуыршақтар» атауымен жарық көрген спектакль-концертте еліміздің жарық жұлдыздары Роза Рымбаева, Димаш Құдайбергеннің және өзге ұлттардың қуыршақ бейнелері бой көрсетіп, өзгеше қырынан бейнеленді.

Айта кетейік, өткен маусым театр үшін ерекше шығармашылыққа толы жылдардың бірі болды. Маусым барысында репертуары «Бауырсақ», «Чемпион», «Етік киген мысық» сынды жаңа қойылымдармен толыққан ұжым түрлі халықаралық фестивльдерге қатысып, топ жарды.

"Жоспар көп. Халықаралық қуыршақтардың фестивалі дайындалып жатырмыз. Сонымен қатар кішкентай көрермен назарына жаңа қойылым ұсынамыз", – деді Мемлекеттік қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Еркебұлан Қабдыл.

Оқи отырыңыз: «Алатау» театры жаңа маусымды музыкалық комедиямен ашады

Новости партнеров