Мас күйінде көлік тізгіндеген азамат күзетшіні бірнеше рет әдейі қаққан
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетшіні қатігездікпен өлтірген күдіктіге қатысты тергеу қайта жалғасады. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұған дейін прокуратура күдіктінің психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық ұйымға орналастырылып, соған байланысты сотқа дейінгі тергеудің уақытша тоқтағанын айтқан.
Еске сала кетейік, сұмдық жайт биыл наурызда Самал-3 ықшамауданындағы элиталы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Мас күйінде көлік тізгіндеген азамат күзетшіні бірнеше рет әдейі қаққан. Артынша көлігінен түсіп, жұдырықтың астына алғаны бейнежазбаға түсіп қалған. Зардап шеккен азамат ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, көз жұмған.
Оқи отырыңыз: Лифт үзілген: Қарағандыда құрылыс нысанында жұмысшы қаза болды