Ол «әділдік іздеп шарқ ұрған ата-анасының талап-тілегі ескерілсін» деді
«Қылмыскерлер әділ жазалануы керек". Мәжілісмен Нартай Сәрсенғалиев Талғардағы жаға ұстатқан жағдайға қатысты үн қатты, деп хабарлайды Almaty.tv.https://almaty.tv
Халық қалаулысы еліміздің Бас прокуроры мен Ішкі істер министріне арнап депутаттық сауал жолдады. Тексіздердің тентектігінен өрімдей ғұмыры қиылған ұлдың ажалына бей-жәй қарамауын талап етті. Ол «әділдік іздеп шарқ ұрған ата-анасының талап-тілегі ескерілсін» деді.
"Қоғам қауіпсіз бе? Заң кімнің жағында деген сұрақ туады. Себебі Шерзаттың әкесі тергеудің тұралап тұрғанын, аудандағы құзырлы орын өкілдерінің істі созбаққа салып жатқанын, қылмыскерді қойып баласынан айырылған отбасын түнде тергеуге шақырып, өктем сөйлегенін айтып бейнеүндеу жасады. Ел өре түрегелді, артынша «істі ІІМ бақылауына алды» деген ақпарат тарады. Қоғамды қорқытатыны – осы, қылмыскерді жазалап, әділдікке жету үшін бейнеүндеу жасап, істі министрдің бақылауға алғанын күтіп отыру керек пе?" – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев.
Оқи отырыңыз: Astana LRT-ның бұрынғы басшысына қатысты іс сотқа жолданды