Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шақыртуына келмеген
Astana LRT-ның бұрынғы басшысына қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шақыртуына келмеген. Биыл шілдеде ведомство мамандары Талғат Арданнан бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жауап алмақ болған. Бірақ аталған тұлға шақыртуға уақытында келмеген.
"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Astana LRT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Қылмыстық кодекстің 208-бабы және 205-бабының 1-бөліміне сәйкес Қазақстанға жауап алуға шақырдық. Олар келген жоқ", – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров.
Оқи отырыңыз: Атырауда оқушылар үш ауысыммен оқуға мәжбүр