Театр ұжымы биыл күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты гастрольдік форматта жұмыс істеді
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 99-маусымын аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жабылу салтанатында көрермен назарына Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек» музыкалық драмасы ұсынылды. Халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын суреттейтін, қос ғашық Төлеген мен Қыз Жібектің адал махаббатын арқау еткен бұл бірегей туындыда басты рөлдерді Бекжан Тұрыс, Алмас Шаяхметов, Еркебұлан Дайыров пен Мадина Келгенбай жоғары деңгейде сомдап шықты. Айта кетейік, ғасырлық белеске қадам басып келе жатқан театр ұжымы биыл күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты гастрольдік форматта жұмыс істеді. 99-маусым аясында шығармашылық топ Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде, сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай, Түркістан мен Шымкент қалаларында өнер көрсетті.
«Биыл ұжымның сұранысымен театр ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы басталды. Дегенмен көрерменге қойылымыды жеткізуді барын салып жұмыс істеді. Театрдыңқалыпты жұмысын тоқтатпау үшін арнайы бағдарлама қабылдаған Мәдениет және ақпарат министрлігіне арнайы алғыс айтқым келеді!», – деді М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек.
Оқи отырыңыз: Биыл Алматыда 20 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды