Қызы мен анасын пышақтап, өлтіріп кеткен: Жезқазғанда күдікті ұсталды

Аталған қылмыс марқұмдардың пәтерінде болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жезқазғанда 1966 жылы туған әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын бәзбіреулер асқан айуандықпен өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аймақты дүр сілкіндірген қылмыс осыдан 2 күн бұрын болыпты. Бұған дейін қалалық әкімдікте есепші қызметін атқарған келіншекті қылмыскер мойын тұсынан 7 рет пышақтаған. Ал Астанадағы халықаралық колледжде 2 курс оқитын қыздың денесі жатын бөлмеден табылды. Оның да мойнында зорлық белгілері бар. Яғни, бойжеткен сыммен қылқындырылуы мүмкін. Аталған қылмыс марқұмдардың пәтерінде болған. Қазір адамшошырлық дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер осы қылмысты жасады деген күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

Оқи отырыңыз: 

 

 

 

Новости партнеров