Қызылорда балабақшаларының бірінде 2 жасар сәби ыстық суға күйіп қалған

Бала денесінің басым бөлігін термиялық күйік шалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада 2 жасар сәби ыстық суға күйіп қалған. Сорақысы, оқыс жағдай балабақшада болыпты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Ата-анасы оған тәрбиеші мен көмекшісінің салғырттығы себеп болғанын айтып отыр. Баланың денесінің басым бөлігін термиялық күйік шалған. Сот-медициналық сараптама сәбидің денсаулығына ауыр зардап келгенін де растаған.

Қазір бүлдіршін ауруханадан үйіне шығарылды. Алайда кінәлілер әлі заң алдында жауапқа тартылмапты.  

«Түнімен ұйықтамайды. Тек ұйықтатын, қышуын басатын дәрілермен ұйықтайды. Сосын түнімен шошынады. Бала күтуші мен тәрбиеші өз еркімен жұмыстан босатылды. Біз оған көнбейміз. Негізі балабақша жабылады деген. Бірақ жабылды ма, білмейміз», - дейді қала тұрғыны Айнұр Айдарбекова.

Осы жағдайға байланысты облыстық Білім басқармасы тарапынан арнайы комиссия құрылып, жеке балабақшаға зерделеу жүргізіліпті. Соның нәтижесінде бірқатар кемшілік анықталып, бөбекжайды мемлекеттік тапсырыс аясында қаржылдандыру тоқтатылған. Ал тәрбиеші мен бала күтушіге қатысты қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Кафеде 1 млн теңге шайпұл алған даяшы көз жасын тыя алмады

Новости партнеров