Қызылорда облысында 16 медициналық нысан пайдалануға берілді

Өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыста атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында 16 медициналық нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тағы 11 ғимарат жыл соңына дейін халық игілігіне табысталады. Бұл мекемелерді тұрғызуға 11 миллиард теңге қарастырылған. Бүгін өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыста атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады. Соңғы 2 жылда 4 миллиард теңгеден астам қаражатқа 13 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткен.

"Облыс орталығында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Денсаулық сақтау мекемелерінің автопарктері жыл сайын жаңартылуда. Өткен жылы 25, биыл 200 санитарлық автокөлік алып халыққа қызмет етуде", – деді Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Оқи отырыңыз: Алматының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Новости партнеров