Қызылорда облысында спорт мектебінің директоры мен бас есепшісі сотталды

07.11.2024 13:57

Лауазымды тұлғалар бірнеше жыл бойы мемлекет қаржысын жымқырған

Almaty.tv

Қызылорда облысында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры және бас есепшісі сотталды, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Лауазымды тұлғалар бірнеше жыл бойы мемлекет қаржысын жымқырып, 21,7 миллион теңгеден астам мүліктік шығын келтірген. Нақтырақ тоқталсақ, спорт мектебінің директор 2018-2023 жылдар аралығында бюджет қаражатын бас есепшісінің көмегімен шотына аудартқан. Заңсыз әрекетке барған тұлғалар кінәсін мойындады. Сот үкімімен есепші 2 жылға, білім мекемесінің басшысы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ сотталушылар лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына шеттетілді.

Оқи отырыңыз: Алматыда жылу инспекциясы бейнетіркеуіштермен қамтылды