Қызылордада 11 жасөспірім бейімдеу орталығына жатқызылды

Қызылорда облыстық полиция департаменті
Қызылорда облыстық полиция департаменті

Бала тәрбиесіндегі міндетін орындамаған 34 ата-анаға хаттама толтырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында 27-29 шілде аралығында өткен «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы хабарлағандай, осы 3 күнде 493 әртүрлі әкімшілік хаттама рәсімделсе, кәмелетке толмаған 22 қызылордалық ішкі істер органдарының есебіне алынды. Қадағалаусыз және панасыз қалған 11 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды. 

"Бала тәрбиесіндегі міндетін орындамаған 34 ата-анаға хаттама толтырылды. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол берудің 11, ортақ пайдалану орындарын ластаудың 9, бұзақылық жасаудың 2 дерегі анықталып, жасөспірімдердің заңды өкілдеріне хаттама толтырылды. Ал қоғамдық орындарда масаң күйде болған 18 жасқа толмаған екеудің заңды өкілдеріне айыппұл салынды", — деді басқарма бастығы Ердәулет Жаукеев.

Сондай-ақ 435 жасөспірімнің заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз қоғамдық орындарда беймезгіл жүргені анықталды. 

Оқи отырыңыз: Өскеменде терезе жуып тұрған әйел құлап, көз жұмды

Новости партнеров