Қызылордада 15 жастағы баланы пышақтап кетті

07.10.2025 21:55

Жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді

Қызылордада мектеп оқушысына шабуыл жасалды. Кәмелетке толмаған жасөспірім 15 жастағы баланы пышақтап, ауыр дене жарақатын салған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның кеуде тұсынан және ішінен бірнеше пышақ жарақатын алғанын айтып отыр. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Кәмелетке толмаған жасөспірімге қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев.

Оқи отырыңыз: Жалдау құны қымбаттады: Астанада бір топ кәсіпкер далада қалуы мүмкін