Қызылордада құрылыс заттарын сататын сауда орнынан өрт шықты

12.08.2025 15:39

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ

Қызылордада құрылыс заттарын сататын сауда орны отқа оранды. 2500 шаршы метрлік нысанның 1500-і жанып кеткен. Абырой болғанда, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Куәгерлердің айтуынша, тілсіз жау кеше сағат 17:00-де тұтанған. Қатты желдің әсерінен қызыл жалын әп сәтте күш алыпты. Төтеншеліктер таратқан ақпарға сүйенсек, өртті өшіруге 60-тан аса қызметкер мен 23 техника жұмылдырылған. Әзірге апаттың неден болғаны белгісіз. Қазір тиісті сараптама тағайындалып, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 «17 сағат 05 минутта Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесі 52 мекен-жайында қойма жанып жатқандығы жөнінде хабарлама түсті. Өрт 18:34-те оқшауаланып, 19:09-да сөндірілді. Өрттен жарақат алған адам жоқ», – деді ТЖД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Түйменов.

Оқи отырыңыз: Шымкентте бейтаныс жан емханада науқасты соққыға жықты