Бұл топтардың 25 малдың ұрлығына қатысы бары анықталды
2024-2026 жылдар аралығында Қызылорда облысында ұрлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жүзеге асты. Облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, бағдарлама аясындағы профилактикалық шаралар нәтижесінде ұрлық 50,5% азайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал оның ашылу көрсеткіші 9,6% жоғарылады.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында мал ұрлығымен айналысқан 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Бұл топтардың 25 малдың ұрлығына қатысы бары анықталды. 75 ұры құрықталды", - деді департамент бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев.
Белгіленбеген орындарда қараусыз жүрген мал иелеріне қатысты 851 әкімшілік шара қолданылды.
"Ветеринария қызметкерлерімен бірлесіп жалпы 364 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның 279-ы мал немесе ет өнімін заңсыз тасымалдаумен айналысқан", - деді Серік Тоқтыбаев.
Оқи отырыңыз: Мектептен ғылымға дейін: Қазақстанның білім саласындағы кешенді дамуы