11 жастағы бала жақын маңдағы су арнасына шомылуға барған
Оқыс жағдай. Қызылордада мектеп оқушысы суға кетіп, ажал құшты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тасбөгет кентінде тұратын 11 жастағы бала жақын маңдағы су арнасына шомылуға барған көрінеді. Жеткіншек қаладағы жеке мектептердің бірінде бесінші сыныпта оқыпты. Осыдан екі күн бұрын із-түссіз кеткен денені құтқарушылар кеше түс шамасында тапқан. Қазіргі уақытта оқиғаның толыққанды мән-жайы анықталып жатыр.
«2014 жылғы бала суға түскен. Тасбөгет кентінде екі көпір бар, Сталинск каналының ағысы өте күшті. Бір тәуліктен аса құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізді. Кеше денесін алып шықты», – деді облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Бейбітхан Спанов.
Оқи отырыңыз: Бір жігіт «ат» деп айқайлады: сот отырысында куәгерлердің бірі мәлімдеме жасады