Қызылордада мониторингтік топ мүшелері бас бостандығынан айырылды

14.08.2025 15:46

Олар «Даму бала» платформасы арқылы кәсіпкерлерден 88 миллион теңге жымқырған

Қызылордада «Даму бала» платформасы арқылы кәсіпкерлерден 88 миллион теңге жымқырғандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу барысында анықталғандай, мониторингтік топтың бір мүшесі қызметтік өкілеттігін пайдаланып, сыбайласымен бірге бизнесмендерден тексеріс нәтижесін «оң шешіп береміз» деген желеумен ақша бопсалаған. Айыпталушылар кәсіп иелерінен алған 88 миллион теңгеден астам қаржының бір бөлігін коттедж және автокөлік сатып алуға жұмсаған. Сот шешімімен мүлікке тыйым салынды.

«Сот үкімімен басты айыпталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды. Оның сыбайласы 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Шымкентте 450 млн теңгені жымқырған есепші сотталды