Қызылордада TikTok арқылы терроризмді насихаттаған әйел ұсталды

Қызылорда облыстық полиция департаменті
Қызылорда облыстық полиция департаменті

Оған қатысты қылмыстық кодекстің 174, 256-баптары бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысының 39 жастағы тұрғыны  TikTok  әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттап, діни алауыздық тудыратын аудио және бейнежазбалар таратқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру кезінде деструктивті діни ағым өкілін ұстады.

"Оған қатысты қылмыстық кодекстің 174, 256-баптары бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді. Нәтижесінде Қызылорда қалалық сотының үкімімен әйел кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында жарылғыш заттарды ұрлаған ұйымдасқан топ ұсталды

 

Новости партнеров