Әлемде үйсіз адамдардың саны 300 миллионнан асты

Almaty.tv
Almaty.tv

Жағдайды жаһандық тұрғын үй нарығындағы дағдарыс ушықтыра түскен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 БҰҰ ақпаратына сай, дүниежүзінде 300 миллиннан астам жан үйсіз жүр, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ұйымның дерегінше, 2 млрд 800 млн адам үй деп айтуға келмейтін бейресми паналарда тұрады.

Жағдайды жаһандық тұрғын үй нарығындағы дағдарыс ушықтыра түскен. Найробиде өткен жиында ұйым өкілдері Азия-Тынық мұхиты аймағында миллиондаған адамның суға қол жеткізе алмай, санитарлық қажеттіліктері өтелмей отырғанын да атап өтті.

Ұйым өкілі Россбах әлемнің көптеген бөлігінде әсіресе Африкада қалалық тұрғын үйлердің 62 пайызы бейресми екенін, ал Азия-Тынық мұхиты аймағында 500 миллионнан астам адам суға зәру екенін мәлімдеді.

Дереккөз:Inbusiness.kz

Оқи отырыңыз: Ақшасын алып, денесін көміп кеткен: Қарасай ауданында күдікті ұсталды

Новости партнеров