Әлемдік экологиялық акция: республикалық сенбілікке жарты млн адам қатысты

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Науқан аясында көгалдандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінді 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

20 қыркүйекте бүкіл әлемде өтетін «World CleanUp Day» акциясы аясында Республика аумағында қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кең ауқымды экологиялық бастама жүзеге асырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Акцияның ауқымына тоқталсақ: республика бойынша сенбіліктерге 422 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде  мемлекеттік органдардың 135 мыңнан астам жуық өкілі мен 52 мың ерікті бар. Әсіресе жастар белсенділік танытты - студенттер, мектеп оқушылары, жастар ұйымдарының және волонтёрлік қозғалыстардың мүшелері. Олар тек қатысуға ниет білдіріп қана қоймай, қоршаған ортаның болашағы үшін жауапкершілікті өз мойындарына алуға дайын екенін көрсетті.

Экологиялық науқан барысында түрлі аумақтарда - қалалық көшелерден бастап су айдындарының жағалаулары, саябақтар, орман алқаптары мен елдімекендердің шет аймақтарына дейін тазалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы алғанда 9 мың гектар жер тазартылып, 12 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.

Кампания аясында көгалдандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінді. Акцияға қатысушылардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде 18 мың астам ағаш пен бұта отырғызылды.

«Жасалған жұмыс қорытындылары, қатысушылар саны және қол жеткізілген нәтижелер еліміз тарихындағы ең ауқымды экологиялық іс-шаралардың бірі ретінде КИнЭС рекордтар кітабына тіркеуге ұсынылды», - делінген хабарламада.

Экологиялық акция «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасының аясында өтті. Бұл бастама аумақтарды тұрмыстық қалдықтан тазартуға, азаматтардың жауапкершілігін арттыруға және экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған. Осы күні ұйымдастырылған жаппай сенбіліктер барша халықтың ортақ мақсатын — қоршаған ортаны таза, қауіпсіз әрі денсаулыққа қолайлы ету жолындағы бірлігін көрсетті.

Әрбір қатысушыға бейжай қарамағаны, белсенді азаматтық ұстанымы, табиғатты қорғауға қосқан үлесі және еліміздің болашағына деген шынайы жанашырлығы үшін алғыс айтамыз. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікпен және жауапкершілікпен жасалған ең қарапайым әрекеттердің өзі үлкен өзгерістердің бастамасына айнала алады.

Оқи отырыңыз: Бүгін – Дүниежүзілік тазалық күні

Новости партнеров