Әлемдік робототехника чемпионатында Қазақстаннан 230 оқушы өнер көрсетіп жатыр

01.05.2026 16:52

FIRST Championship ​жарысы АҚШ-та өтіп жатыр​​​​​​

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Хьюстон қаласында жыл сайын 50 000-нан астам қатысушыны біріктіретін әлемдегі ең ірі инженерлік турнирлердің бірі басталды. Биыл Қазақстан атынан сайысқа 225 оқушы қатысуда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 3 есеге көп, деп хабарлайды Almaty.tv.

Делегация құрамына Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал, Щучинск қалалары мен Түркістан облысынан командалар енді. Қатысушылар Астанада өткен Alem Tech Fest Орталық Азия кезеңінде іріктеуден өтті.

"Чемпионат мектеп оқушылары арасындағы робототехника бойынша негізгі халықаралық жарыстардың бірі саналады. Қатысушылар инженерлік шешімдер әзірлеп, матчтар сериясынан өтіп, финалдық кезеңдерге жолдама үшін бақ сынайды. Алаң инженерлік дайындығы жоғары және бәсекелестік деңгейі жоғары елдердің командаларын біріктіреді", - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Биыл жарысқа қатысушылар санының артуы жүйелі дайындық пен инженерлік білім беруді дамыту нәтижесінде мүмкін болды. 2020 жылдан бастап Қазақстан STEM бағыты бойынша халықаралық деңгейде өз позициясын кезең-кезеңімен нығайтып келеді.

Оқи отырыңыз:Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында Бірлік күнін дәріптеген фестиваль өтті