Әлеуметтік қолдаудың кейбір түрін тағайындау тәртібі өзгереді

04.09.2026 13:32

Әл-ауқаты жоғары, өз мүмкіндігі жеткілікті «А» және «Б» санатындағы отбасыларға мұндай төлемдер берілмейді

Almaty.tv

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қолдаудың кейбір түрін тағайындау тәртібі өзгермек. Жаңа тәсілдің басты ұстанымы көмекті нақты мұқтаж жандарға бағыттау, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ең алдымен өмірлік қиын жағдайға тап болған, мемлекеттік қолдауды қажет ететін отбасыларға басымдық беріледі.

Әлеуметтік төлем тағайындау кезінде отбасының тұрмыс жағдайы да ескеріледі. Әл-ауқаты жоғары, өз мүмкіндігі жеткілікті «А» және «Б» санатындағы отбасыларға мұндай төлемдер берілмейді.

Отбасының жағдайын дұрыс бағалау үшін оның кәмелетке толған барлық мүшесі туралы мәлімет қаралады. Осы арқылы отбасының жалпы тұрмыстық жағдайы есепке алынады.

Сонымен бірге табысы жоғары азаматтар әлеуметтік қолдаудың кейбір түрінен өз еркімен бас тарта алады. Нәтижесінде үнемделген қаражат көмекке мұқтаж азаматтарға бағытталмақ.

Оқи отырыңыз: Қызылшаның алдын алу: әрбір ата-ана білуі тиіс маңызды ережелер қандай

Толық көрсету