Әлеуметтік желілерде білім беретін контенттерге талап күшейтіледі

Almaty.tv
Almaty.tv

Бастаманы Мәдениет және ақпарат министрлігі жаңа заң жобасына енгізген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда жарияланатын білім беруге арналған контенттерге арнайы белгі қою талап етілуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өйткені, халық оқу курстары авторларының кәсіби біліктілігінен хабардар болуы керек. Яғни, бұрынғыдай кез келген адам білім бере алмайды. Бастаманы Мәдениет және ақпарат министрлігі жаңа заң жобасына енгізген. Құжат қазір талқылауда. Ведомствоның мұндай қадамға баруының өз себебі бар. Кейінгі кездері халық тарапынан түрлі психолог, нутрициолог пен коучтарға қатысты шағым көбейген.

Сондай-ақ министрлік бұл жаңашылдықты оккульттік қызмет өкілдері үшін де енгізуді ұсынып отыр. Олардың да контенті көңіл көтеру мақсатында жасалғанын және ғылыми немесе практикалық растамасы жоқ екенін көрсететін ескертумен жариялануы қажет.

Айта кетейін, заң жобасы жақын арада Мәжіліс қарауына ұсынылады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көшеде төбелес шығарған басшы қызметінен босатылуы мүмкін

Новости партнеров