Әлеуметтік желіде балағат сөз айтатындарға қандай жаза қарастырылған

11.05.2025 15:21

Әсіресе аудиожазба арқылы аузына келгенін айтып жүргендерге жаза қатаң

Аlmaty.tv

Интернеттің инесінде отырған жұрт үшін әлемжелідегі айқай-шу үйреншікті дүниеге айналды. Бір-бірінің жағасынан алып, қырқысып жатқандарға көз үйренді. Ал әлеуметтік желіде өзгені балағаттайтындарға ҚР Қылмыстық кодексінде жаза қарастырылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

Көбіне WhatsApp арқылы ар-намысқа тиетіндер көп. Әсіресе аудиожазба арқылы аузына келгенін айтып жүргендерге жаза қатаң. Қылмыстық жауапкершілік көзделген.

ҚР Қылмыстық Кодексiнің 131-бабының 2-тармағында:

«Көпшiлiк алдында немесе масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып адамның жеке-басына нұқсан келтіретін сөз айтсаңыз – екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады», - делінген.

Ал егерде қоғамдық орында боқтаса әкімшілік жаза арқалап 15 күн қамауға алынады немесе 69 мың теңге айыппұл арқалайды.

Оқи отырыңыз: Бет-жүзін тұмшалап жүретіндердің есебі жүргізілген бе – министрлік жауабы