ЛГБТ насихатына тыйым салына ма: Алматыда қоғам белсенділері құжаттың маңызына тоқталды

Жаңа заң жобасында бірден 9 салаға өзгеріс енгізілмек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс мақұлдаған құжат қоғам талқысында. Алматыда қоғам белсенділері құжаттың маңызына тоқталып, негізгі тетіктерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеше депутаттар ЛГБТ насихатына және педофилияға қатысты ақпаратты таратуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдап, Сенат қарауына жолдады.

Жаңа заң жобасында бірден 9 салаға өзгеріс енгізілмек. Ол – бала құқықтары, БАҚ , білім туралы, жарнама және байланыс туралы заңдар.

«Заң жобасы бір саланы ғана емес, қолданыстағы 9 заңға өзгеріс енгізеді. Қазақ халқында бұндай құбылыс ешқашан болмаған, дұрыс өсіп келе жатқан жастарды бұзады. Психикасы, физиологиясыз, моральдық жағдайы бәрі тасталқан болады. Біз оған жол бермеуге тырысамыз», – деді жазушы-публицист, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Марат Тоқашбаев.

Ұлттық өркендеу қоры жүргізген арнайы зерттеу нәтижесінде ЛГБТ насихатына тыйым салуды талап еткен петицияны 50 мыңнан астам адам қолдаған. Петиция авторының сөзінше, бұл бастама балаларды психологиялық және моральдық тұрғыдан қорғап, ұлттық құндылықтар мен отбасылық институтты сақтауды көздейді.

«Азғын ақпараттар ненің жақсы, жаман екенін бңлмейтін балалар көретін болса, мейлі қыз болсын, мейлі ұл болсын, өте қауіпті. Алдағы уақытта психикасы зардап шегеді деп ойлаймын», – деді қоғам белсендісі Бағила Балтабаева.

Оқи отырыңыз: Жер дауы: Қонаевта 30-ға жуық отбасы сот шешімімен келіспейді

Новости партнеров