Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады

23.12.2024 18:48

Аталған зауытқа 90 миллиард теңгеден астам қаражат құйылған

Келер жылы Қостанай облысында Kia маркалы автокөліктер шығаратын зауыт іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл өңірдің ең ірі жобасына айналып, нәтижесінде 1500 адам жұмыспен қамтылмақ. Кәсіпорын жылына 70 мың автомобиль шығарады. Аталған зауытқа 90 миллиард теңгеден астам қаражат құйылған. Қостанай облысында автокөлік шығаратын екі ірі кәсіпорын болмақ.

"Kia зауыты Кореяның өзге мемлекетпен бірігіп жұмыс істейтін алғашқы кәсіпорыны болады. Аталған зауыт бір жарым жылдың ішінде салынбақ. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Мұндай ауқымды кәсіпорынды қысқа уақыттың ішінде тұрғызу көп елдің қолынан келмейді. Kia зауытының Қазақстандағы үздік көлік құрастырушы болатыны сөзсіз", – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов

Құмар Ақсақалов облыс экономикасы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына сүйеніп отырғанын мойындады. Оның айтуынша, жергілікті фермерлер бидайды сатуда қиындықтармен жиі бетпе-бет келеді. Өйткені өнім өңделмейді. Енді бұл мәселені шешу үшін облыста бидайды терең өңдеу зауытын салу жоспарланған. Жоба іске асырылса, жылына 400 мыңнан астам тонна бидай өңдеуге болады.

"Зауыт блютень, крахмал, биоэтонол және ризин сияқты бірегей өнімдерді шығарады. Инвесторға жер учаскесі берілді. Инженерлік іс-шаралар жүргізілуде. Жоспарланған жобалар толық қуатына шыққан кезде облыс еліміздегі ауыл шаруашылығын қайта өңдеу орталығына айналады", – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Оқи отырыңыз: Шырша безендіру: Семейде биіктен құлаған мұғалімге ота жасалды