Әлімжеттік құрбаны: Түркістанда оқушы көз жұмды
Жақындарының айтуынша, жүрек тұсынан алған бірнеше соққының салдарынан баланың жүрегі жарылып, ұйқы безі езіліп кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістанда 9-сынып оқушысы әлімжеттіктің кесірінен көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жамбыл Жабаев атындағы мектептің 15 жастағы оқушысы Мейіржан Нұржанұлының денесі зират маңынан табылған. Марқұмның туыстары ұлдарын бірнеше досы үйіндегі ересектерден сұрап алып кеткенін айтты.
Сол түні қатарластары моланың жанында жабылып ұрған көрінеді.
Жақындарының айтуынша, жүрек тұсынан алған бірнеше соққының салдарынан баланың жүрегі жарылып, ұйқы безі езіліп кеткен.
Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша жағдай қылмыстық іс ретінде тіркелген.
Оқи отырыңыз: Сен маған ұнайсың: 13 жастағы қызды өзімен әкетпек болған күдікті ұсталды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
09.10.2026 11:00
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
09.10.2026 09:15
Қан қысымын төмендетуге көмектесетін жеміс аталды
09.10.2026 12:17