Қызылорда облысында 9 сынып оқушысы Ерасыл Төребаев жоғары сыныптағылар соққыға жығып, көз жұмған
Қызылорда облысында 16 жастағы Ерасыл Төребаевты өлтірді деген күдікпен қамауға алынған 2 оқушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
9 сынып оқушысы жоғары сыныптағылардың әлімжеттік көрсетіп, соққыға жығып, көз жұмған. Қайғылы оқиға 18 мамырда Шиелі ауданы Шеген Қодаманов ауылында болған.
"9 сынып оқушыларын ауыл сыртына апарып сөйлесу барысында, сотталушы Ж өзінен төмен оқитын 9 сынып оқушыларын бет тұсынан бір мәрте қатарда тізіліп тұрған кәмелетке толмаған балаларды шапалақпен ұрған. Содан кейін сотталушы Қ жасөспірімдерді кеуде тұстарынан ұрып келе жатқан кезде, бесінші болып қатарда тұрған кәмелетке толмаған жәбірленушіні қасақана соққысымен ұрып, жүрек рефлекторының тоқтауына әкелген. Марқұм оқиға орнында қайтыс болған", – деді Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот әкімшісінің басшысы Дәурен Тайыров.
Жалғыз ұлынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан ана қылмыстық істің әділ тергелуін талай сұраған. Қамауға алынған қос күдікті – 10 сыныптың оқушылары. Жасөспірімдерге қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушылардың бірі қылмыстық жауапкершіліктен босатылса, енді бірі 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
"Кәмелетке толмаған сотталушы Құрманбаев ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айырылсын. Құрманбаевқа жазасын кәмелетке толмағандары ұстауға арналған ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленсін", – деді Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Асхат Сабыров.
Оқи отырыңыз: Алматы облысының прокуратурасы Талғардағы 16 жастағы баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады