Лизинг: елімізде 250 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландырылды

04.11.2025 16:58

8,5 мың ауыл шаруашылығы техникасы алынады

Almaty.tv

Қазақстандық шаруалар 8,5 мың ауыл шаруашылығы техникасын алуға қаржы лизингі шарттарын жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында еліміздегі ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Ол ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемі 250 млрд теңгені құрағанын атап өтті. Бүгінгі таңда 8,5 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуге 216,3 млрд теңге сомасына қаржы лизингі шарттары жасалған.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы техникасының негізгі бөлігі – тракторлар мен комбайндар, бұл жалпы санның 54%-ы.
Биыл Қазақстанда заманауи және жоғары өнімді техника өндіретін әлемдік John Deere бренді локализацияланғаннан кейін жеңілдікті лизингтің жеке бағдарламасы іске қосылған болатын.

Осы бағдарлама шеңберінде барлығы 23 млрд теңге сомасына 109 техника лизингке қаржыландырылды, 2,2 млрд теңгеге тағы 13 техника сатып алу мәмлесі мақұлданды.
 

«Бұл техникалық паркті жаңартуға және агросектордағы еңбек өнімділігін арттыруға тікелей ықпал етеді», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Оқи отырыңыз: Қонаевта атауы жоқ көшелерге қайраткерлердің есімі берілді