Алматыда ерекше жандар үшін 2 мыңнан аса жұмыс орны қарастырылды: Әлеуметтік кодекстің талабы қандай

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту бағытындағы шаралар күшейіп келеді. Әлеуметтік кодекске сәйкес, қызметкерлер саны 50 адамнан асатын мекемелер ерекше қажеттілігі бар жандар үшін жұмыс орындарының 2–4 пайызын бөлуге міндетті. Биыл қала бойынша 300-ден астам жұмыс берушіге квота белгіленіп, 2 мыңнан аса орын қарастырылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Сонымен қатар арнайы бос жұмыс орындарының тізімі Электрондық еңбек биржасында жарияланып, квоталардың орындалуын бақылауға арналған цифрлық жүйе енгізіліп жатыр. Бұдан бөлек, мүгедектігі бар азаматтарға тұрақты жұмыс, қоғамдық жұмыс, «Күміс жас» бағдарламасы, кәсіби оқыту, гранттар мен сүйемелдеу қызметтері ұсынылуда. Бұл мүмкіндіктер қаншалықты тиімді? Жұмыс берушілер заң талабын толық орындай ма? Ерекше қажеттілігі бар жандар үшін еңбек нарығында әлі де қандай кедергілер бар?

Осы және өзге де сауалдарға Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары Әділет Жаңабаев жауап береді.

Толығырақ төмендегі бейнематериалдан көре аласыздар.

 

 

Новости партнеров