Мамандар жүйеге тіркелу арқылы кез келген медициналық қызмет түріне қол жеткізуге болатынын айтты
Алматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тұрғындарды тарту бойынша өңірлік штаб отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жиынға жауапты басқарма басшылары жиналып, аудан әкімдері селектор арқылы байланысқа қосылды. Негізгі тақырып – МӘМС жүйесіндегі өзгерістер мен тұрғындарды дер кезінде ақпараттандыру.
«Алматы облысында 305 мың 600 тұрғын МӘМС жүйесінде жоқ. Егер де МӘМС жүйесінде тіркелмесеңіз, жедел қызметтен басқа жүйелі медициналық қызметтің бәрін алуға мүмкіншілігіңіз азаяды», – деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.
Мамандар жүйеге тіркелу арқылы кез келген медициналық қызмет түріне қол жеткізуге болатынын айтты. Ол үшін бірінші қаңтарға дейін 51 мың теңге жарна төлеу керек.
«Жарна төлесеңіз, күрделі ота, диагностикалық қызмет сияқты медициналық қызметті толық аласыздар. Корнография, жүрекке немесе басқа қиын отаның барлығын бір жыл көлемінде алуға құқығыңыз бар», – деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.
Айта кетейік, келер жылдан бастап ресми тіркелген жұмыссыздар мен табысы төмен санатындағы азаматтар үшін МӘМС жарналары жергілікті бюджет есебінен төленеді. Осы арқылы мемлекет халықтың медициналық көмегін қолжетімді етуді көздеп отыр. Ал облыста тұрғындарды МӘМС жүйесіне тарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Асыл Махметов, Алишер Ерғалиұлы