Мәжіліс депутаты азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейтуді ұсынды

29.10.2025 16:45

Ол жария еткен ресми деректерге қарағанда, биыл елімізде 14 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркелген

Depositphotos

Азаматтардың дербес деректерінің жария болғаны үшін жауапкершілікті күшейту қажет, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің атына сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мутәлі айтты.

"Қазақстан Үкімет қысқа мерзімнің ішінде азаматтардың дербес деректерін қорғау бойынша шынайы шараларды қабылдауы тиіс деп есептеймін. Заңдардағы дербес деректерді заңсыз қолданғаны үшін жауапкершілік жөніндегі нормаларды барлық жерде қолдану, халықаралық стандарттарды ескере отырып, жеке деректердің жария болғаны үшін жазаны арттыру, мемлекеттік және квазимемлекеттік ақпараттық жүйелердің әлсіз жерлеріне кешенді тексеру жүргізу, негізгі ІТ-жүйелерге аудит жүргізу, нәтижесі бойынша анықталған тәуекелдерді жою жоспарын әзірлеу қажет. Бұл шаралар рәсімдік болып қалмай, азаматтарды қорғаудың және мемлекеттік жүйеге сенімді нығайтудың шынайы құралына айналуы тиіс", - деді Мәжіліс депутаты.

Ол жария еткен ресми деректерге қарағанда, биыл елімізде 14 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркелген. Бұл өткен жылғы фактілерден 22 пайызға көп.

"Онлайн алаяқтар алдында зейнеткерлер, жастар, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары ерекше әлсіздік танытады. Оларға кредит ауыртпалығын жүктейді және олар төлеуге мәжбүр. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2024 жылы интернет-алаяқтық бойынша 22,9 мың қылмыстық іс тіркелгенімен көп жағдайда тергеу тоқтатылған. Өйткені, қылмыскерлерді таба алған жоқ. Бұл цифр проблема ауқымын және қолданыстағы шаралардың анық жетіспейтіндігін айқын көрсетеді", - деді Әбутәліп Мутәлі.

Оқи отырыңыз: Парламент жасанды интеллект туралы заң қабылдады