Мәжіліс депутаты «Самұрық-қазына» қорын сынға алды

27.06.2025 14:53

Депутаттың айтуынша, мелекеттік сектор халыққа қалай жағдай жасаса, квазимемлекеттік сектор да солай әрекет ету керек

«Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жұмысына депутаттардың көңілі толмайды. Мәжілісмен Нартай Сәрсенғалиев қорды таратпас бұрын, оның жұмысын кешенді тексеру керек деп отыр. Сөзінше, квазимемлекеттік сектордан қазір мемлекет күткендей пайда көріп жатқан жоқпыз. Керісінше, «Самұрық-қазына» қарыздың астында қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Депутаттың айтуынша, мелекеттік сектор халыққа қалай жағдай жасаса, квазимемлекеттік сектор да солай әрекет ету керек.  

«Жабылу-жабылмау – бұл өте өзекті мәселе. Оның құрамында мыңдаған азамат, қаншама компания бар. Сондықтан кешенді тексеруіміз керек. 23 триллион теңгенің қарызын ертеңгі күні кім жабады? Кімнің мойына кетеді? Халықтың мойнына ілініп қалмауы керек. Міне, осы мәселелерді біз көтеріп отырмыз», – деді ҚР Парламенті мәжілісінң депутаты Нартай Сәрсенғалиев.

Оқи отырыңыз: Шымкентте газ таратушы компания тұрғындарға заңсыз айыппұл салған