Мәжіліс радиоактивті қалдықтармен жұмыстың тәртібін нақтылайтын заң жобасын жұмысқа алды

Depositphotos
Depositphotos

Құжаттарды таныстырған Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин бұл құжаттар Экология кодексіне де түзетулер енгізетінін атап өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заң жобасын және жер қойнауы саласындағы заңнаманы осы құжатпен сәйкестендіретін үш жаңа заңның жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәжіліс қарауға алған құжаттардың тізімі мынандай:

1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы;

2. «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заң жобасы;

3. «Кейбір заңнамалық актілерге радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы;

4. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы.

Құжаттарды таныстырған Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин бұл құжаттар Экология кодексіне де түзетулер енгізетінін атап өтті. 

Оқи отырыңыз: Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға 480 млн теңге бөлінді

 

Новости партнеров