Ол бірыңғай бақылау тәртібін қамтамасыз етеді
Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақта экспорттық тауарлардың шығарылуына бақылауды күшейтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Мәжіліс 2023 жылғы 4 желтоқсанда қол қойылған, Еуразиялық экономикалық одақтан тыс елдерге әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау мен растаудың бірыңғай қағидалары нақтыланған келісімді ратификациялады.
Құжат ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экспорттау кезінде тауарды өндірген елді растау тәсілдерін біріздендіруге бағытталған. Ол бірыңғай бақылау тәртібін қамтамасыз етеді.
"Бұл келісім Қазақстан кері экспорттың «сұр» схемаларының алдын алу үшін тыйым салулар мен шектеулер енгізген өнімге қатысты Одақтың басқа елдерінің аумақтарынан қазақстандық тауарлардың әкетілуін бақылауға мүмкіндік береді", - делінген Мәжіліс хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Үкімет "Ауыл аманаты" жобасын кеңейтуді жоспарлап отыр