Мәжіліс ЛГБТ мен педофилияны насихаттауға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

Құжаттың негізгі мақсаты  – балалар мен жастарды отбасы құндылықтарына, адамгершілікке және қоғамның болашағына кері әсер ететін ақпараттан қорғау

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс ЛГБТ мен педофилияны насихаттауға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құжаттың негізгі мақсаты  – балалар мен жастарды отбасы құндылықтарына, адамгершілікке және қоғамның болашағына кері әсер ететін ақпараттан қорғау. Депутаттардың айтуынша, бастама ЛГБТ идеологиясының елімізге жат екенін және қоғамның оған қарсы ұстанымын көрсетеді.

Сонымен қатар заң жобасы біреудің құқығын шектеуге бағытталмаған. Керісінше, құжат дәстүрлі отбасылық қағидаларды қорғауға, жастарды теріс идеологиялардан сақтауға және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға арналғанын жеткізді.

«Жоғарыда айтылғандай, заң жобасындағы маңызды нормалардың бірі – өскелең ұрпақты жағымсыз ақпараттардан қорғау, жат ағымдардан сақтау. Өйткені бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сондықтан олардың санасын улайтын, өміріне теріс әсер ететін зиянды ақпараттардан қорғау – ортақ міндетіміз. Әрине, цифрлық заманда ақпараттарға толықтай тосқауыл қою мүмкін емес. Дегенмен заңға қайшы, адамдыққа жат контентті шектеу – орынды іс» – деді ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Оқи отырыңыз: Әлеуметтік желіге тіркелу үші бала жасы шектеле ме

Новости партнеров