Атырау облысының Мақат ауданында ауыр жол апаты болып, екі бүлдіршін қайғылы жағдайда өмірден озды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан соқтығыстың қатты болғаны соншалық, жеңіл автокөліктердің тас-талқаны шығып, аударылып қалғаны байқалады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға салдарынан бір сәби алған жарақаттарынан сол жерде жан тапсырса, екінші бөбектің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер соңғы сәтке дейін күрескенімен, нәтиже болмады. Көлік ішінде болған өзге жолаушылар түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, қазіргі таңда мамандардың жіті бақылауында жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның себеп-салдарын анықтауға кірісті.
«Мақат ауданы Доссор кентінде Тойота Эстима және Опель автокөліктері арасында болған жол көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Мейірім Ердәулет, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында құтқарушылар тауда адасып қалғандарға көмекке келді