Ұтысқа апта сайын смартфондар, смартсағаттар мен басқа да құнды сыйлықтар қойылуда
Алматыдағы Cosmart дүкендер желісі өз тұтынушыларын қуантуды дәстүрге айналдырып келеді. Биыл да жаңа жыл қарсаңында компания келушілерге Мальдив аралдарына жолдама ойнатып жатыр. Одан бөлек, ұтысқа апта сайын смартфондар, смартсағаттар мен басқа да құнды сыйлықтар қойылуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
2009 жылы іргесін қалаған Cosmart компаниясы сұлулық пен күтімге арналған сапалы өнімдерді қолжетімді бағада ұсынатын, мегаполистегі ең ірі дүкендер желісінің біріне айналды. Қазір қала тұрғындарына 760-тан астам танымал брендтің 18 мыңға жуық өнімі ұсынылған. Ел бойынша Cosmart-тың 34 дүкені жұмыс істейді, олардың 27-сі Алматыда, жетіеуі елордада орналасқан. Биылғы акцияның ауқымы бұрынғыдан да кеңейген. Әр апта сайын iPhone, Apple Watch, AirPods және Dyson ұтысқа қойылып жатыр. Қатысу шарттары қарапайым. Кез келген дүкеннен 6000 теңгеден жоғары сомаға өнім сатып алып, Cosmart Club бағдарламасына тіркелу жеткілікті.
«Cosmart-тың тұрақты тұтынушысымын. Апта сайын бір акция өтеді. Жиі қатысуға тырысамын. Бүгін де бет күтіміне арналған тауарларды алуға келдім. Сүйікті брендтерім – Vivienne Sabo, Max Factor. Ауқымды ұтыс өтіп жатыр, өз бағымды сынап, әрі қажет заттарымды алуға келдім», – деді қала тұрғыны Арина Беспрозванная.
Ұтыс ойынының басты сыйлығы – 10 адамға арналған Мальдив аралдарына жолдама. Қатысам деушілерге Vivienne Sabo, Max Factor, L’Oréal, Bourjois немесе Aravia брендтерінен 6000 теңгеден жоғары сомаға сауда жасау керек. Конкурс Алматы мен Астанада өтіп жатыр.
«10 тұтынушы Мальдив аралдарына саяхаттап қайтады. 5 жұлдызды қонақ үй, бәрі осы жолдамаға кіреді. Бар болғаны 1 брендтен 6000 теңгеден жоғары бағаға тауар алу керек. Былтыр жеңген тұтынушылар риза болып, оң әсерін айтты», – деді COSMART дүкендер желісінің SMM-менеджері Айдана Ысқақова.
Компания өкілдерінің айтуынша, тұтынушыларға жайлылық пен сұлулық сыйлау — Cosmart-тың басты мақсаты. Ал қысқы мереке қарсаңында ұйымдастырылатын мұндай акциялар жылда ұйымдастырылмақ. Биыл науқан 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында өтеді.
Ұтыс нәтижесі 5 қаңтарда жарияланбақ.
Әйкерім Пернебек, Мейрам Исабеков, Алматы облысы