Мал ұрлығы: Жамбыл облысында 10 қылмыстық топ анықталды

07.11.2025 15:28

Олар ұрланған түлікті шекара асырып жүйелі түрде Қырғызстанға өткізіп жіберіп отырған

Жамбыл облысында полицейлер 10 айда 10 қылмыстық топты әшкереледі. 27 адамнан құралған қылмыскерлер мал ұрлығын кәсіп етіп алған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар ұрланған түлікті шекара асырып жүйелі түрде Қырғызстанға өткізіп жіберіп отырған. Тәртіп сақшылары соңғы айда Меркі мен Қордай ауданында қазақ-қырғыз шекарасынан мал асырған барымташыларды қолға түсірді. Жалпы қаңтардан бері өңірде 41 тұрғын мал ұрлап, қылмыстық жауапкершілікке ілінген. Одан өзге 500-ге жуық азамат әкімшілік жазаға тартылды. Олар мал етін заңсыз өндіріп, сауда орындарына тасымалдаған.

«Кешенді шаралар нәтижесінде ұрланған малдың 68 пайызы иелеріне қайтарылды. Мал жаю ережелерін бұзған 2083 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды», – деді ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Әлімхан Қарымсақов.

Оқи отырыңыз: Блогер Шымкент әкімдігі қызметкерін бопсалап, 10 миллион теңге сұраған