Мамандар Тянь-Шань қоңыр аюының жазғы тіршілігі туралы айтты

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Бұл аң жабайы алма ағашының (Сиверс алмасы) тұқымдарының табиғи түрде таралуына үлкен үлес қосады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаз мезгілінде Тянь-Шань қоңыр аюы белсенді тіршілік етеді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл кезеңде ол қыс бойы жұмсаған күш-қуатын қалпына келтіріп, алдағы қысқы ұйқыға қажетті май қорын жинай бастайды. Аю көбіне таңертең ерте және кешкі салқын уақытта қорек іздейді.

Жазда аюлар көбінесе өзен-көлдердің маңында, қалың орман мен альпілік шалғындарда мекендейді. Ыстық күндері салқын, көлеңкелі жерлерде немесе бұлақтар мен өзендердің жағасында демалады.

Тянь-Шань қоңыр аюы табиғаттағы тұқымдардың таралуына ықпал етіп, соның ішінде жабайы алма ағашының (Сиверс алмасы) тұқымдарының табиғи түрде таралуына үлкен үлес қосады. Сондықтан да оны қорғау және мекен ету ортасын сақтау табиғат үшін маңызды  болып табылады. 

Оқи отырңыз: Жүрек-қантамыр ауруларын ерте анықтау: Қазақстанда 1,7 млн адам скринингтен өтті