Маңғыстау облысында 12 құрылыс мекемесінің қызметі тоқтатылды

07.06.2025 12:50

Жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Аlmaty.tv

Маңғыстау облысының прокуратурасы құрылыс саласында лицензия берудің заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Талдау нәтижесімен 12 құрылыс мекеме заңсыз рұқсат алғаны анықталды.

Оларды алу үшін құрылыс салушылар бір меншік иелерінен жалға алынған өндірістік базаларды пайдаланғаны, сонымен қатар өтінімдерде бірдей инженерлік-техникалық қызметкерлерді жариялағаны анықталды.

«Тексеру нәтижесінде 12 мекеменің барлығы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін компаниялардың қызметі тоқтатылды.

Құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Прокуратура органдары лицензияларды жосықсыз алу фактілерінің жолын кесуді және өңірдің құрылыс саласында ашықтықты қамтамасыз ететін болады.

Оқи отырыңыз: Павлодарда суға батып бара жатқан адам құтқарылды