Құтқарушылар ер адамды судан шығарып алды
Зардап шегуші су астына кете бастаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 маусымда жедел құтқару жасағының құтқарушылары Усолка өзенінің коммуналдық жағажайында патрульдеу кезінде суда қайғылы оқиғаның алдын алды.
– Құрамында төрт құтқарушы мен екі жүзу құралы бар экипаж өзеннің ортасында суға батып бара жатқан адамды байқады. Құтқарушылар ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізіп реанимациялық іс-шараларды бастады, – дейді департаментте.
Құтқарушылар ер адамның жағдайын тұрақтандырып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
Департаментте су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында мас жүргізуші бас бостандығынан айырылды