Биыл 6 айда аймақтың республикалық жолдарында 67 жол апаты тіркелген. 24 адам қаза тапқан
Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылын Ақтаумен жалғайтын жол учаскесінде жарық шағылыстырғыш экрандар қойылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған аумақ республикалық маңызы бар жолдың бұрылысы көп бөлігі саналады. Мамандардың мәліметінше, кейінгі жылдары аталған учаскеде апат тым жиілеп кеткен. Қауіпті жағдайдың алдын алу үшін жолдың жиегіне 22 мыңға жуық арнайы экран орнату жоспарланды. Бұл бағыттағы жұмыстар келер жылы да жалғасады.
Айта кетсек, биыл 6 айда аймақтың республикалық жолдарында 67 жол апаты тіркелген. 24 адам қаза тауып, тағы жүзден астам жолаушы әртүрлі деңгейде жарақат алған.
«Доссор-Бейнеу-Шетпе-Жетыбай-Ақтау» автожолының 738-773 шақырымы аралығында қауіпсіздік деңгейін көтеру үшін көз шағылыстырмайтын экрандарды орналастыру жұмыстары басталып кетті. Оның жалпы ұзындығы 11 шақырым болса, қазір 6 шақырымы аяқталды. Бірінші кезеңінде жол көлік оқиғалары болатын жерлерге қойып жатырмыз. Бұрылған кезде машинаның шамы қарсы машинаға түседі. Қауіпті деп санайтын учаскелерге қойып жатырмыз», – деді «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалының директоры Қазбек Мәмбетов.
Оқи отырыңыз: Қостанайда 31 жүргізуші адамды заңсыз тасымалдағаны үшін жазаланды