Маңғыстау облысында кен орнындағы апат болды

Қоршаған ортаға айтарлықтай залал келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына қарасты «Толқын» кен орнындағы №57 ұңғымада апат болды. Мұнда газ бен су ауаға тарап, төтенше жағдай тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салдарынан қоршаған ортаға айтарлықтай залал келіпті. Іле-шала облыстық экология департаментінің жауапты мамандары оқиға орнына барып, тексеру жүргізген. Нәтижесінде метан газының шекті межеден асқаны анықталып отыр. Қазір аталған кен орнында айтарлықтай қауіп жоқ. Ал тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

 «Ұңғымаға капитальный ремонт жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде, жоспардан тыс төтенше жағдай орын алды. Инспекция бөлімі жоспардан тыс тексеріс өткізеді.  Ол прокуратура органдарына жолданды.  Тіркелгеннен кейін әрі қарай анық-қанығы, қандай жауапкершілік болады? Қандай шаралар қолданылады? Тексерістен кейін белгілі болады», – деді Экология департаменті зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің басшысы Қайсар Нәдірбек.

Оқи отырыңыз: ШҚО орманында адасқан зейнеткер табылды

Новости партнеров