Банкрот деп танылғандардың қаржылық жағдайына 3 жыл бойы бақылау жүргізіледі
Маңғыстау облысында бір мыңға жуық адам ресми түрде банкрот деп танылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл соттан тыс банкроттық рәсімдеуге 7 мыңнан астам тұрғын ниет білдірген. 48 өтініш кері қайтарылса, тағы 62 адамның құжаты қызмет берушінің шешімімен тоқтатылған. Қазір мемлекеттік кірістер мекемелерінде 600-дей өтініш қаралып жатыр.
Айта кету керек, банкрот деп танылғандардың қаржылық жағдайына 3 жыл бойы бақылау жүргізіледі. Олардың ақшалай операциялары жайлы деректері дереу мемлекеттік органдарға түспек.
«Сот арқылы банкроттықпен төлем қабілеттілігін қалпына келтірудегі талаптарға көбісі сәйкес келе бермейтіндіктен Маңғыстау облысында өтініш аз. Соның ішінде 237 өтініш сот арқылы банкроттыққа берілсе, соның тек 43-і ғана банкрот деп саналды. Ал қалғандарына істі қарау тоқтатылды», – деді Мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы Жансұлу Жақсыбаева.
Оқи отырыңыз: Банктерде клиенттер құқығын қорғайтын арнайы бөлімшелер құрылады