Маңғыстау облысында жаппай төбелес болды

стоп кадр
стоп кадр

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысының Күрік ауылында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан ондаған баланың қатысуымен болған қақтығысты байқауға болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Куәгерлер түсірген видеодан жасөспірімдердің бір-біріне таяқ және тас лақтырып жатқанын көруге болады. Оқиға орны ауыл ішіндегі ашық алаңқайға ұқсайды. Дау-дамайдың нақты себебі әзірге белгісіз.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қақтығысқа қатысқан барлық жасөспірім анықталып, олар ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген.

«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ата-аналары да бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды», – делінген полицияның ресми мәлімдемесінде.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында 4 жасар бала бетон тақталары арасында қысылып қалған

Новости партнеров