Маңғыстау облысында жол апатынан 6 шетелдік азамат қаза тапты

Қайғылы оқиға бүгін Бейнеу-Тәжен тасжолында болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға Бейнеу-Тәжен тасжолында тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белгілі болғандай, Jac маркалы көлік шекарадан өту кезегін күтіп, жолдың шетінде тұрған «МАN» ауыр жүк көлігіне соғылған. Автокөлікте 10 адам болған.

Апат кезінде оның алтауы қайтыс болып, қалған 4 адам Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы – орташа ауыр. Олар тиісті ем-шараларды қажетті көлемде алып жатыр.

Айта кетейік, жол-көлік оқиғасына тап болған барлық автокөлік Өзбекстан Республикасында тіркелген екен. Сондай-ақ зардап шеккендер мен қаза тапқандардың Ресей Федерациясынан келе жатқан Өзбекстан Республикасының азаматтары екені белгілі болды.

«Автокөлікте барлығы 10 адам болған. Оның 6-уы қаза тауып, 4 адам Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді. Барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары екені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп, тексеру басталды. Аталған дерек Ақтау қаласындағы Өзбекстан елшілігіне хабарланды», - деді Бейнеу ауданы полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Еркебұлан Ізкенов.

Оқи отырыңыз: Нигерияда жанармай таситын көлік жарылып, 100-ден астам адам қаза тапты

Новости партнеров