Маңғыстауда 10 жастағы қызды қоғамдық көлік қағып, мерт қылды

Hans Ripa/ unsplash.com/
Hans Ripa/ unsplash.com/

Қоғамдық көлік айыптұраққа қойылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында болған. Ақтаудан елдімекенге кіріп келе жатқан нөмірі 105-қоғамдық көлік жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кеткен. 10 жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мұнайлы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Батырхан Сындаровтың айтуынша, осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Қоғамдық көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін сақтамай, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған қыз оқиға орнында қаза тапты. Жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Қоғамдық көлік айыптұраққа қойылды", - дейді Мұнайлы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Батырхан Сындаров.

Оқи отырыңыз: Президент суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысып, отандық ЖИ жобаларымен танысты

 

Новости партнеров