Маңғыстауда 460 оқушының астан улану дерегі бойынша сот отырысы басталды

Жәбірленуші ретінде 400-ге жуық адам тіркелді 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстауда 460 оқушының мектептегі асханадан ас ішіп улану фактісі бойынша сот отырысы басталды. Жәбірленуші ретінде 395 адам тіркеліп, қазір сұрау-жауап жүріп жатыр. Ал куәгер ретінде 50 адам қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Мұнайлы аудандық сотының төрағасы Серік Наурызбаев “Бұл процесс бір айға дейін созылуы мүмкін” деді.

Жәбірленушілер "Кәсіпкер Шәпкенова бұдан былай мемлекеттік конкурсқа қатыспасын, лицензиясына шектеу қойылсын және моральдық, материалдық шығынымызды өтесін" деген талап қойып отыр.

Ал айыпталушы тарап тергеу кезінде шикіліктер болған, сараптама дұрыс жасалмаған және нақты дәлелденбеген дегенді алға тартады.

"Тамақтан деп келтіріп отыр. Бірақ нағыз дәлелдеме сараптама жоқ. Тамақтың ішінде инфекциялық зат табылғаны жөнінде ешқандай мәліметтер жоқ. Біз өз жағымыздан көп дәлелдеме жинадық. Оны сотқа ұсынамыз. Сол тамақ басқа мектепке де таратылған. Бірақ басқа мектептің балалары уланбаған. Сондықтан нақты неден уланғаны тергеу амалдары кезінде белгіленбеген", - деді қорғаушы Жақсыбек Айымбетов.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 6 қыркүйекте Маңғыстаудағы Бесшоқы ауылында орналасқан №8 жалпы білім беретін мектепте балалардың тамақтан жаппай улануы тіркелген еді. Соның салдарынан 460 оқушы зардап шекті.  

Оқи отырыңыз: "Суды тасып ішіп, қараңғыда отырамыз": Алматы облысында ауыл тұрғындары жанайқайын айтты

Новости партнеров