Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025 08:50

Қазір баланың анасы іздестіріліп жатыр

hessam nabavi/unsplash.com/

Шақалақ Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы тұрғын үйлердің терезесінің алдынан табылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Баланы таңертең уақытта сағат 09:30 шамасында тұрғындардың бірі байқаған. 

Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған деректі растап, баланың анасы іздестіріліп жатқанын хабарлады. 

"Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анасы іздестіріліп жатыр. Сәби перзентханада жатыр", — делінген полиция таратқан хабарламада. 

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында 16 бала терезеден құлаған