Барлық ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыруды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, ұзақ уақыт жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Маңғыстау облысында апиын тобына жататын есірткі заттарын жеткізумен айналысқан, жергілікті төрт тұрғыннан құралған қылмыстық топтың заңсыз қызметі тоқтатылды.
Фигуранттардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында 1,3 келі апиын және ірі көлемдегі ақша тәркіленді.
Сарапшылардың бағалауынша, ауған текті апиын осы өңір үшін сирек кездесетін есірткі түрі.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық заңнаманың 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Барлық ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі жеткізу арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлікке көрсетілген қолдау аясында 217 жұмыс орны құрылды